Қоғам

Қалалық әкімдік мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне қаржылай көмек көрсетті

Мереке Мұхамедияров – қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің басшысы.

-Петропавл қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін 13 қоғамдық бірестіктер бар. Бүгін міне солардың мұң – мұқтажын тыңдайық деп соларды жинап отырмыз. Айлық бойынша біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Оларды музей, қайырымдылық концерттерге апару сынды жұмыстар жүргізілуде.

Бүгін күні облыс орталығында он мыңға жуық кембағап жан бар. Олардың жартысына жуығы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Жиын барсында қала әкімінің міндеті атқарушы Қайролла Ғалеев мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне ақшалай сыйлық табыстады. Қазіргі таңда “Зағип” қоғамдық бірлестігінде 1000-нан аса азамат бар. Көрстеліп жатқан құрметке олар ризашылығын білдірді.

Еркебұлан Аманжолов – «Зағип» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

-Өзіміздің қоғамымызда стол теннисі, жүзу сияқты түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Былтыр Қанат Қанафин Сочиға барып келді, біздің зағиптар қоғамынан. Бізде облыс бойынша 1000- ға жуық адам бар. Олардың 360- і қала тұрғыны.

Юрий Лошкарев – «Чернобыль одағы» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

-Біздің бірлестік 1991 жылы құрылған еді. Бастапқыда қарамағымызда 600-ден астам жарым жан бар еді. Бүгінде тек олардың 100-і ғана қалды. Ол жандардың барлығы апаттың зардабын жоюға қатысқан. Біз қазір біз оларға түрлі консультативтік көмек көрсетіп тұрамыз. Осындай жиындар әркез ұйымдастырылатын болса, туындаған барлық мәселелер шешімін табады деп айта аламын.

Қазан айының екінші жексенбісі елімізде мүгедектер күні аталып өтіледі. Айтулы датаға орай облыс орталығындағы барлық мүмкіндігі шектеулі жандар 12-ші қазанда қоғамдық көліктерде тегін жүретін болады. Кездесу барысында тағдыр тәлкегіне түскен азаматтар облыс орталығында мүгедек жандарға арналған бағдаршамдардың саны артса деген тілектерін жеткізді. Шахар басшысының міндетін атқарушы Қайролла Ғалеев бұл мәселе 2015 жылы шешілетіндігін тілге тиек етті.

 

 

 

Самат Джакупов.