Билік

Мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі кеңес өтті

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-ҚР жастар саясатының негізгі мақсаты жастардың азаматтық тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру.

Кейін жиналғандар жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі мәселелерді талқылады. Ол жөнінде кездесуге жиналғандарды облыстық дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Мұратбек Зейнулин құлағдар етті. Ведомство бұл бағытта қыруар шаруа тындырыпты. Жастармен түрлі кездесулер өткізіп, оларға теріс пиғылды ағымдар жайлы мағлұмат берген. Десе де өңірімізде заңсыз діни әдебиет сатудың 4 фактісі тіркелген. Оған қоса, заңға қайшы миссионерлік қызметпен айналысқандар табылған. Осы ретте аймақ басшысы алдын алу жұмыстарын жалғастырып, бақылауды күшейтуді жүктеді.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Бұл салада біздің өңір өзгелерге қарағанда біршама тұрақты. Сондықтан, жұмыстарды жалғастыру қажет. Ақпараттық үгіт-насихат шараларын ауқымды етіп жасау керек. Оларға жастарды көптеп тартса, шаруа нәтижелі болмақ. Ауылдық жерлердегі жұмыссыз жүрген жастармен алдын алу шараларын назарға алған жөн.

Кейін өңір жетекшісі Тайынша ауданында жастар саясаты төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстар жайынан құлағдар болды. Мұнда екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жас азаматтармен жұмыс нашар деңгейде жүргізілетін көрінеді.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Ауылдарда екі қолға бір күрек таппаған жастар көп. Сондықтан оларды жұмыспен қамтуды қолға алған жөн. 1 ай көлімінде барлық аудандар елді- мекенде жүрген жастар жайлы есепті дайындау керек.

Жиында этно-мәдени бірлестіктердің жанында түрлі жастар қанатының жұмыстары жайлы да сөз қозғалды. Бұл ретте облыс әкімі Ерік Сұлтанов жастарға патриоттық тәрбие беруде ассамблеяның атқарар рөлі зор екендігін айтты. Кейін кездесуге жиналғандар жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесі жайында сөз қозғады. Бүгіндері өңіріміздің 370 оқу орынында алғашқы әскери дайындық сабақтары өткізіледі. Сондай-ақ, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде 14 клуб жұмыс жасайды.

Шолпан Каринова- СҚО білім басқармасының басшысы.

-Аталған клубтардың 4 лицензияланған. Ол «Алғыс», «Арлан», «Ер Отан» және «Ел тірегі » клубтары. Бұдан өзге тағы 10 лицензиясыз клуб бар. Жастар бұл ұйымдарға ерекше қызығушылықпен келеді.

Кеңесте көтерлген барлық 3 мәселе қаралған соң, өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, кей тұстарда тізгінді босатпауды тапсырды. Кейін жастарға арналған конкурстарды да жария етті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Жастар саясаты жөнінедегі басқармаға үкіметтік емес ұйымдардың жастары арасында 1 желтоқсанға дейін әлеуметтік маңызды жобалар байқауын өткізуді тапсырамын. Білім басқармасына оқушы жастар арасында «Мәңгілік ел- біздің лайықты болашағымыз» атты эсселер байқауын ұйымдастыруды жүктеймін. Ассамблея мүшелері этно-мәдени бірлестіктер арасында «Қазақстан бейбітшілік пен татушылықтың нышаны атты фотоконкурс ұйымдастыруы тиіс. Ол 16 желтоқсанға дейін жүргізілуі керек.

 

 

 

Магжан Ахмадина.