МТРА жаңалықтары

Жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріндегі өзгерістер

Әлімжан Ерліханов, Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім бастығы.

-Бұл жаңашылдық тұрғындар үшін тиімді. Уақытын үнемдейді. Яғни, жәбірленушіден әлсін-әлсін түсініктеме мен жауап алынбайды. Шағымданушы арызын ішкі істер органдарында, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне тапсыра алады. Ол үшін аталған мекемелерде арнайы тұрғындарды қабылдау бөлмесі бар. Ал, шағымда қылмыстық құқық бұзушы ретінде аты-жөні көрсетілген тұлға бірден қорғаушы алу құқығына ие болады.

Алайда, жаңа қылмыстық және қылмыстық процессуалдық заңнаманың жаңа үлгісі бойынша тіркеу алдында арыз беруші жалған шағымы үшін қылмыстық жазаға тартылатыны ескертіледі.

Әлімжан Ерліханов, Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім бастығы.

-Егер жәбірленуші арызында жасалған қылмыс туралы жалған ақпарат берсе, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жәбірленушінің өз қолымен толтырылған арызы қылмыстық қудалау органында тіркеліп, құжат міндетті түрде мөрмен бекітіліп, оған талон беріледі. Кейін тергеуші соның негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізе бастайды.

Үстіміздегі жылы 9 айдың ішінде Петропавл қаласында 9 мыңнан астам қылмыс жасалған. Дені бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты.

 

 

 

Берик Касен.