Қоғам

Халыққа қызмет көрсету орталығында жаңа пилоттық жоба енгізілмек

Ендігі ретте бұл шаруаны халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарына жүктеуге мүмкіндік бар. Тек ақшасын төлесеңіз болғаны. Керекті құжаттарды мемлекеттік мекемелерден сұрату кезінде, орталық қызметкерлері клиенттің қолхатына сүйенеді. Қажет болған жағдайда, олар атқарылған істі тапсырыс берушінің мекен-жайына тегін жеткізіп береді.

Күлбағда Сүлейменова – СҚО бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының маманы.

-Бұл пилоттық жобаның арқасында клиенттер халыққа қызмет көрсету орталығына бірнеше рет келіп, уақыттарын зая кетірмейді. Оған қоса шаруаның қай деңгейде жүріп жатқандығы жөнінде телефон арқылы сұрап, қадағалап отырады.

Аталған ақылы қызмет түріне жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да жүгіне алады. Жалпы бүгінгі таңда жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындарға 161 қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде 5-уі ақылы қызмет түрі болып табылады.

 

 

Бакыт Садуакасов.