МТРА жаңалықтары

Қазпочта” АҚ-ың СҚОФ-да мерзімді баспаларды сұрыптауға арналған жаңа желі ашылды

Күлзабира Еңсегенова – “Қазпочта” АҚ СҚОФ поштаны сұрыптап тасымалдау участкесінің сұрыптаушысы.

-Бұл қондырғыға дейін барлық сұрыптау жұмыстарын қолмен жүргізетінбіз. Енді, міне автоматтандырудың арқасында күш түсіріп жасайтын істер біршама азайды. Біз бұған өте қуаныштымыз. Жаңа технологияны тез арада игеруге тырысамыз.

Автоматтандырылған жаңа сұрыптау желісі екі негізгі бөліктен тұрады. Ол сұрыптау қондырғысы және де бағдарламамен қамтамасыз ету кешені. Заманауи құрылғыны сатып алу және орнатуға барлығы 6,5 млн теңге жұмсалыпты. Айта кету керек, бұл жаңашылдық бүкіләлемдік пошта күні қарсаңында қолданысқа енгізілді. Біздің өңір республика бойынша аталған желіні ашқан 4-і облыс.

Тамара Манцуровская – “Қазпочта” АҚ СҚОФ пошта технологиясы бөлімінің бастығы.

-Облыстың әр ауданы біздің жеткізу участкеміз болып саналады. Әр ауылда пошташы жұмыс істейді. Міне, сол әр пошта тасушылар үшін осы желіде сұрыптау шаралары жүргізіледі. Жаңашылдықтың тиімділігі сол, ол еңбек өнімділігін арттырады, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді және де автоматтандырылған сұрыптау кезінде қателіктерге жол берілмейді.

Қазіргі таңда облыстық филиалда 1658 маман еңбек етуде. Пошта қызметкерлері мұнымен тоқтап қалмай, әлі де жаңашылдықтар енгіземіз дейді.

 

 

 

Риат Шони.