Спорт

Петропавлдағы спорт сарайына облыс бюджетінен 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді

10 жылдың ішінде ондаған құрылыс нысандарын сапалы әрі жылдам тұрғызып берген серіктестік ел нарығындағы сенімді құрылыс компаниясына айналған. Олар құрылыста бұрынғы әдісті қолданбайды. Керісінше материалды аз жұмсап, жұмыс күші мен техника санын айтарлықтай қысқартуға тырысады. Ал сапасы кересінше жоғары болады дейді компаниядағылар.

Азамат Анафин, учаске бастығы, “Вилена” ЖШС қызметкері, Астана қаласы.

-Ғимараттың 1 қабатында 1000 адамға шақталған орны бар хоккей корды салынады. Оның аумағы 2,5 шаршы метрді құрайды. Ондағы мұз жасанды болса да, сапасы жағынан жоғары болады. Ал, 2-ші қабатында жеңіл атлетикалық манеж бен әкімшілік корпустар орналасады. Жалпы спорт кешені 4 блоктан тұрады.

Құрылыс алаңындағы 60 адам кестеге сай 8 сағат жұмыс істейді. Алаңға 18 дана техника тартылған.

Азат Омаров, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары.

-Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның 1 млрд. 170 млн. теңгесі жыл соңына дейін игерілуі тиіс. Жеңіл атлетика залы, сырғанауға, хоккей ойнауға арналған жасанды мұз айдыны, шор-трек, күрес, бокс сынды бұқаралық спорт түрлері үйірмелері жұмыс істейтін болады. Мұнда кәсіби спортшылардан бөлек, тұрғындардың да келіп сүйікті спорт түрімен айналысуына мол мүмкіндік жасалады.

Спорттық кешен ел бойынша барлық өңірлерде бар. Тек біздің аймақта ғана тұрғызылмай келген. Сондықтан бұл мәселені тұрғындар 2000 жылдан бернеше рет көтерген болатын.

Азат Омаров, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары.

-Қазір спортпен айналысқысы келетін тұрғындардың саны артып келеді. Сұранысқа сәйкес біз де олар үшін спорттық нысандарды көптеп тұрғызуымыз керек. Сондықтан осы спорт сарайының тұрғызылуымен біраз мәселе шешіледі деген ойдамын. Спорт сарайында тренажер, гимнастика залы және әмбебап спорттық алаң болады.

Жұмыстар кестеге сай жүргізілуде. Маусым айында басталған ауқымды кешен келер жылдың тамыз айында қолданысқа тапсырылуы тиіс. Қазір жұмысшылар ғимараттың іргелерін бетонмен бекітіп, құрылыс конструкцияларын құрастыру үстінде. Қарашаның 15-іне дейін құрылысшылар ғимараттың қаңқасын металлдардан тұрғызып, жаңа жылға дейін сыртын сендвич панелдермен қаптайды. Одан кейін ішкі әрлеу жұмыстарына көшеді.

 

 

 

Берик Касен.