Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір жетекшісі Украиналық делегацияны қабылдады

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-«Агробизнес 2020» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы сүт қабылдау пунктерін салуға кететін шығындардың бір бөлігін мемлекет өтейтін болады. Онымен қоса, көлік пен керекті құрылғыларды алуға кететін қаржының 30 пайызы субсидияланады. Оған 190 мың АҚШ доллары сомасында қаржы бөлінген.

Бүгіндері облысымызда 165 мың бас зеңгі баба тұқымы бар. Жыл сайын 450 мың тонна сүт өндіріледі. Аймағымызда жылына 272 мың тонна сүт өңдеуге қауқарлы 19 кәсіпорын жұмыс жасайды. Бұл саланың еліміздегі даму қарқынын украиналық кәсіпкерлер де атап өтті.

Петр Михайленко- «Dairy Global Experts» АБҚ директоры.

-Бізде де сүт өңдеу саласы жақсы жолға қойылған. Сондықтан біз бүгін сіздердің аймақтарыңыздағы бұл саланың дамуын көрдік. Өзімізде сүт өңдеу бойынша кәсіпорын ашпас бұрын сіздердің өңірлеріңіздің тәжірбиесін бақылап, соны өзімізде қолданбақпыз. Ол келешекте ортақ жобаларды жүзеге асыруға сеп болмақ. Мал шаруашылығын дамыту бойынша да біраз тәжірбие жинақтадық.

Жиын барысында облыс әкімі Ерік Сұлтанов меймандарға мал шаруашылығын дамыту жайлы да айтты. Әсіресе өңір алқаптарында сүтті бағыттағы ірі қара санын арттыру бойынша мәселелер айтылды.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Өңіріміз сүт өндіруде ел бойынша алдыңғы орындарда тұр. Бізде сүтті 100-110 теңгеден қабылдайды. Бұл сіздерге қарағанда 2 есеге артық. Сондықтан екіжаққа тиімді шараларды қарастырған жөн. Бізде жайылымға арналған 300 мың гектар жер бар. Сондықтан сол жерде сүтті бағыттағы мал басын дамыту мүмкіндіктерін қарастыруға болады.

Жиын соңында аймақ басшысы Қазақстан мен Украина арасында сүт өндіру ісінде екіжақты әріптестік орнатудың қауқары жоғары екендігін атап өтті. Меймандар аймағымызда екі күн болады. Сол аралықта олар өңір кәсіпорындарын аралауды жоспарлап отыр.

 

 

 

Магжан Ахмадина.