Құқық қорғау органдары

Облыс аумағында “Тонировка” жедел-алдын алу шарасы өтуде

Әбілсейіт Жолаушин – СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы.

 

-Көліктің алдыңғы және бүйіріндегі шыныларына әкімшілік заңнаманың 461-заңының 4-тармағы бойынша күн сәулесін өткізбейтін арнайы үлдірді жапсыруға тыйым салынады. Аталмыш құқық бұзушылық үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл қарастырылған. Егер бұл әкімшілік айыппұлдың төленбегені анықталса, жүргізуші мемлекет алдындағы қарызын өтегенше, автокөлігі айып тұрағына қойылады.

Сондай-ақ, заңбұзушылықтарға барған көлік жүргізушілерінің көпшілігі қауіпсіздік белбеулерін тақпағаны анықталды. Бір тәуліктің ішінде ғана тәртіп сақшылары осыған қатысты 55 әкімшілік хаттама толтырған. Бір қолымен рөлді ұстап, екіншісімен телефон арқылы сөйлескен 50 азамат та жазасыз қалмады. Жолда жүру ережелерін елемеген 37 жаяу жүргінші де айыппұл төлемек. Сонымен қатар, шараның алғашқы күнінде тәртіп сақшыларының қолына мамшинаны мас күйінде жүргізген 15 тұлға түсті. «Тонировка» жедел – алдын алу шаралары 10-шы қазанға дейін созылады.