Билік

Облыс әкімі 17 жазғы Азия ойындарына қатысқан жерлестерімізді қабылдады

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Спорт еліміздің абыройына және беделі үшін қызмет атқаратынын саларының бірі деп атап көрсеткен». Елімізде дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына үлкен үлес қосып жүрген спортшылардың арасында облысымыздың жастары да бар. Оларға біздің алғысымыз шексіз.

Оңтүстік Кореяда өткен 17-ші жазғы Азия ойындарында 45 мемлекеттің мықты деген спортшылары өзара күш сынасты. Байрақты додада Қазақстан құрамасы 84 медаль жинап, жалпы командалық есепте 4 -ші орынға табан тіреді. Айтулы жарыста жерлестеріміз Маргарита Мұқашева мен Алексей Луценко ел қоржынына екі алтын медаль салды. Мұндай жетістіктері үшін облыс әкімі Ерік Сұлтанов оларға бір миллион теңгенің сертификаттарын табыстады.

Маргарита Мұқашева – 2014 жылғы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

-Спорт саласына көңіл бөліп отырғаныңызға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Сіздің арқаңызда біздің манеждің шатыры жаңартылды. Енді споршыларымыздың медальдарі көбейетініне сенім білдіремін.

Алексей Луценко – 2014 жылғы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, велосипед спортынан құрметті спорт шебері.

-Бұл менің Азия ойындарына алғаш қатысуым. Ол төрт жылда бір рет ұйымдастыратындықтан, мықтап дайындалдым. Астана велоклубының бас менеджері Александр Винокуровқа үлкен алғысымды білдіремін. Себебі осы кісі менімен тәжірбие алмасып, ақыл кеңесін берді.

Мұнымен қоса аталмыш Азия ойындарда үш қарғып секіруден қола жүлдеге ие болған Ирина Эктова және 4 орын алған Евгений Эктов та ақшалай марапатқа ие болды. Сондай-ақ жеңіске жеткен спортшылардың жаттықтырушылары да назардан тыс қалмады. Оларға Ерік Сұлтанов 150 мың теңге көлемінде ақшамен марапатталды. Жиын соңында облыс әкімі спорт саласында болашақта атқарылатын жұмыстармен бөлісті.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Қазір облыстың 5 ауданында сауықтыру кешендері тұрғызылып жатыр. Қызылжар ауданының орталығы мен Ғабит Мүсірепов ауданындағы спорт кешенін біз биыл желтоқсан айында халық игілігіне тапсырмақпыз. Келер жылдан бастап барлық аудандар да мұндай нысан салынатын болады. Сондай-ақ болашақта өзіміздің хоккей құрамасын құруды жоспарлап отырмыз.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ерік Сұлтанов спортты дамыту бағыттағы жұмыстар әркез басты назарда болатындығын жеткізді.

 

 

 

Самат Джакупов.