МТРА жаңалықтары

Ауыл шаруашылығына қажетті техника шығаратын кәсіпорынның бүгінгі тынысы

Еркін Мұқантаев – «Avagro» ЖШС ұстасы.

-Мен қазір радиалдық станокпен қондырғыға қажетті бөлшекті бұрғылап жатырмын. Бірнеше жыл істеп жүрмін, қиын емес. Жаңа техника барлығын ауыстырып отырады. Міне мынау радиалдық станок болса, ар жағында осындайлардың сандық бағдарламамен басқарылатындары бар. Осыларда істеп, өсіп жатырмыз.

Биыл мұндағылар жаңа бүріккіш түрін жасапты. Тың қондырғы «Газ-66» және «Садко» автокөліктерінің негізінде құрастырылған. Осы уақытқа дейін техника сынақтан өтіп, жоғарғы өнімділігін көрсетіп үлгерді.

Николай Ерохин – «Avagro» ЖШС директоры.

-Үстіміздегі жылы біз тағы бір техниканы жасауды қолға алдық. Әрине жаңа нәрсені құрастыру қиын. Дегенменде 2015 жылы олардың бірнешеуін жасап шығаруды көздеп отыр. Жалпы біздің өнімге деген сұраныс көп болса, біз бұдан да мол өнім шығаруға қауқарлымыз.

Серіктестік егістікке қажетті техниканы еліміздің асықты аймақтары мен Ресейге жөнелтеді екен.

 

 

Магжан Ахмадина.