Балалар

Астана қаласында өткен «Робототехникадан республикалық олимпиада-2014» байқауында төрт жерлесіміз жеңіске жетті

Олжас Қинаят – Қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы.

-Біздің марсоход Марста өмір бар ма деген сұраққа жауап береді. Мұнда екі процессор орналасқан, ол осы роботымыздың миы болып саналады. Басқа марсоходтардан ерекшелігі, мұнда өзінің буры орналасқан. Оның ұзындығы екі метр. Осы арқылы топырақты қазып, оны зертханаға жібереді. Және өзінің үстіңгі камерасы арқылы “3д” жолды жасап, сол жол арқылы жүреді. Сочидегі олимпиадаға осы роботты апарамын. Бірақ оны әлі де өңдемек ойдамын.

Данияр Уәлиев жетекшілік ететін үйірмеге бүгінгі күні 30-дан астам оқушы қатысады. Екі жыл ішінде олар 150-ден астам робот жасапты. Нәтиже де жаман емес. Елордада өткен сайыста ұстаздың төрт бірдей тәрбиеленушісі бірінші орынға қол жеткізген.

Данияр Уәлиев – Робот техникасы үйірмесінің жетекшісі.

-Бұл мемлекеттік сайыс болғандықтан кейін талаптары дүниежүзілік талаптарға сай болды. Роботтардың салмағы 1 келіден аспау керек. Өлшемі 25 см -ден аспау керек. Және роботтар автономды түрде жұмыс жасау керек. Яғни балалар программасын жазып, робот өзі бәрін орындау қажет. Ең басты мақсаты осы.

Енді қараша айының 21-23 аралығында Реседің Сочи қаласында робот техникасын жасап шығарушылардың әлемдік чемпионаты өткізілмек. Оған 53 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр. Аталмыш байқауда Қазақстан намысын жерлестеріміз Олжас Қинаятпен Диана Кәрімова да қорғайтын болады.

 

 

Самат Джакупов.