МТРА жаңалықтары

Тілсіз жау 107 млн. теңге шығын келтірген

Евгений Журавлев- ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы.

-Бірнеше жыл бұрын үкімет қаулысына сай, агроқұрылымдарда ерікті өрт сөндіру құрылымдарын жасақтау қажет болған. Қазір біздің құтқарушыларға сол жасақтар үлкен көмек көрсетуде. Олар өртті толық ауыздықтамаса да , құтқарушылар келгенше тілсіз жауды тұншықтыра тұруға шамалары жетеді.

Соңғы кездері қыстық жем-шөп дайындау барысында орын алатын өрт оқиғаларының саны артқан. Тек өткен аптада ғана қызыл жалын 20 тоннадан астам азықты шарпып кеткен.

Евгений Журавлев- ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы.

-Жем-азықтың жануына көп жағдайда қасақана от қою себеп болса, кейде салғырттықтан туындайды. Мысалы, Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылында трактормен шөп әкеле жатқан азаматтың арбасындағы азығы толығымен жанып кетті. Себебі ол техникасының түтін шығатын жерін арнайы қондырғымен жабдықтамаған. Салдарынан шоқ ұшып, шөпке тиген.

Жылыту маусымы басталғалы бері жеке сеторда туындайтын апаттардың саны да күрт жоғарылаған. Тек өткен аптада ғана өңір құтқарушылары 10-нан астам өрт оқиғасын ауыздықтапты.

 

 

Магжан Ахмадина.