Денсаулық сақтау

Соңғы екі жылда № 3 қалалық аруханаға 11 жас маман келген

Алексей Сынтин -№3 қалалық аурухананың хирург дәрігері.

-Дәрігер болуды 8 сыныптан бастап армандаған болатынмын. Әрине жұмыс оңай емес. Асқан жауапкершілікті талап етеді. Дей тұрғанмен, қызметім өзіме ұнайды. Әрине, Астана қаласында жұмысымды жалғастыруға болар еді. Туған жерімнің патриоты болғандықтан осында келдім. Бәрі жылы қарсы алды. Аурухананың материалдық- техникалық базасы да көңілімнен шықты.

Алексейдің жұмысқа орналасқанына небәрі екі аптадан астам уақыт өтсе де, ақ халатты дәрігер бес азаматқа ота жасапты. Әріптестері жас маманның жұмысына оң баға беріп отыр.

Берік Есенов – №3 қалалық аурухананың хирург дәрігері.

-Алексейдің келгеніне жарты айдай уақыт болды. 10 жыл оқыған. Операцияларды жақсы жасайды. Науқастардан ешқандай шағым жоқ. Жақсы оқыған. Білімді.

Аурухананың хирургия бөлімшесі 70 адамға шақталған. Қазір мұнда 66 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Күніне бөлімшеде кем дегенде 7 азаматқа ота жасалады екен.

Раиса Хромова – науқас.

-Мен Ресейдің 3 емханасында болдым. Бірақ маған олар ота жасаудан бас тарты. Бұл істі өзіміздің дәрігерлер қолға алды. Екі апта мамандардың қарауында болдым. Қазір жағдайым жақсы. Санаулы күндерден кейін үйге барамын.

Биыл бөлімшеге «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жалпы соммасы 12 миллион теңге болатын арнайы қондырғы сатып алынған. Оның арқасында асқазан, ішекпен тоқ ішек қатерлі ісігін эндоскопиялық әдіс арқылы тексеруге болады.

Константин Зырянов – 3 қалалық аурухананың эндоскопист дәрігері.

-Бұл апараттың көмегімен науқасты бір сағат ішінде тексеріп шығуға болады. Қондырғы ішкі құрылыс ауруларының бірнеше түрін табуға септеседі. Яғни азаматтың қай жері сыр беріп тұрғанын мына экраннан үлкейтіп қарай аламыз.

Соңғы екі жылда нөмірі үшінші қалалық аурухана ұжымына 11 жас маман қосылған. Алайда кадр тапшылығы әлі де байқалады. Бүгінде мұнда әлі 12 дәрігер қажет. Ал жалпы үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде ауруханада он мыңнан астам азамат ем-дом қабылдаған.

 

 

Самат Джакупов.