МТРА жаңалықтары

Петропавлда 1,5 км. жылу желісі жылу өткiзбейтiн изоляциялық жабынмен қапталады

Рахметолла Құдайбергенов, “Ақмола энергияжөндеу” ЖШС жұмысшысы.

-Біз осыған дейін 1 магистарльді жылу өткiзбейтiн изоляциямен қаптадық, қазір 2-шісіне көштік. Ауа райы оң қабақ танытса, жоспарлы жұмыстарды 10 күн ішінде бітіреміз.

Биыл “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС облыс орталығындағы магистральдардың 1,5 шақырымын осындай изоляциялық жамылғымен қаптайды. Ол үшін мекеме Еуропалық қайта құру және даму банкінен 15 млн. теңге несие алған.

Игорь Осняч, “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС қалыпқа келтіру және жаңғырту басқармасының басшысы.

-Бүгінде біз Шухов көшесі, 21 және Новаторная көшесі, 4 мекен-жайында орналасқан №5 жылу магистарльін осындай әдіспен қалыпқа келтірдік. Оның жалпы ұзындығы 664 метрді құрайды.

Жергілікті жылу беруші компания 2020 жылға дейін қаламыздағы жылу магистральдерінің 40 шақырымын жылу өткiзбейтiн изоляциялық жамылғымен қаптауды жоспарлап отыр. Бұл жылу шығынын азайтуға септеспек.

 

 

 

Берик Касен.