Спорт

«Қызыл – жар СК» футбол клубында жаңа перзидент

Григорий Лория – «Қызылжар СК» футбол клубының президенті.

-15 желтоқсанда Петропавлда үлкен жиын өтеді. Оған еліміздің түкпір – түкпірінен футболшылар арнайы шақырталады. Жерлестеріміз де қатысады. Бұл жобада өзін жақсы қырынан танытқан ойыншылар, футбол клубына іріктелініп алынады.

Бүгінгі таңда «Қызыл-Жар СК» командасының құрамында 24 ойыншы бар. Оның 2 -і легионер. Өкініштісі сол, жерлестеріміз тартысты додаларда тиісті деңгейде көріне алмай жүр. Осылайша бірінші лига чемпионатында өңір құрамасы 7-ші орында. Ал маусымның аяқталуына бір айға жуық уақыт қалды.

Григорий Лория – «Қызыл-Жар СК» футбол клубының президенті.

-Қазір жергілікті командада өнер көрсетіп жүрген футболшылардың басым бөлігін жастар құрайды. Олардың ынталары жаман емес деп айта аламын. Бірақ бізге тәжірбиелі, кәсіби ойыншылар қажет. Дайындықты күшейту керек. Себебі жаңа маусымда «Қызылжар СК» футбол клубын премьер лигаға өткізу жоспары тұр. Бұл менің алдыма қойып отырған басты мақсатым.  

Келер жылғы кездесулер сәуір айында басталады. Жаңа басшымен жерлестеріміз қаншалықты айшықты ойын өрнегін көрсете алатындығын, уақыт таразылайтын болады.

 

 

 

Самат Джакупов.