Құқық қорғау органдары

Күзет қызметіндегі маңдайалды мамандар марапатталды

Имамбай Жомартов, СҚО ІІД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы.

-Биыл тұрғындар арасында 39 жиын өткіздік. Соның барысында дабыл жүйесін орнататын фирмаларға ғана қатысты емес, сондай-ақ, учаскелік инспекторлардың жұмысына да байланысты бірқатар мәселенің мән-жайы анықталды. Бұл жиындарға тек 4-ақ фирманың өкілдері қатысты. Қалғандары да белсенділік танытса дейміз.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, күзеттік құрылымдардың пайдасы да қарымы да мол. Асқар Қасенов пен Анатолий Нечепоренко – «Күзет» серіктестігінің қызметкерлері. Екеуі жуырда Петропавлдың аумағындағы зауыттардың біріне тиесілі заттардың ұрлығына қатысты күдіктілерді құрықтады. Ұсталған қос ұры тәртіп сақшыларына тапсырылады. Ұйымшылдығы мен кәсібилігі үшін “Күзеттің” екі қызметкеріне ІІД-нің басшылығы тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Асқар Қасенов – “Күзет” ЖШС қалалық филиалының қызметкері.

-Бүгін бізді ІІД-нің басшылығы марапаттап, қуанышымыз көкке жетіп отыр. Әрине, осындай сый-құрметке бөленетімізді күтпеп едік. Бізге жүктелген сенімді алдағы уақытта ақтауға тырысамыз.

Міне, осындай екі жақты бірлескен жұмыс облыс аумағындағы нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді нығайта түспек.

 

 

 

Данаш Хамзина.