Қоғам

Жыл соңына дейін жергілікті кәсіпкерлер 16 балалар алаңқайын тұрғызбақшы

Томирис Төлешева.

-Бізге аула істеп жақсы болды. Енді көрші аулаға бармайтын болдым. Осы жерде басқа балалармен достасып, ойнаймын.

Балаларының бал-бұл жанған жүздерін көрген ата-ана алаңқайды тұрғызған кәсіпкер Сергей Леонтьев пен игі іске бастама салған облыс әкімдігіне дән риза.

Ендыгой Опанова, “Заречный С.К” ПИК төрайымы.

-Бұрындары бұл жерде ештеңе болған жоқ. Қазір енді жаңа алаңқайдың пайда болуымен балалар мен ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Біз сөзімізді жерге тастамаған облыс әкімдігі мен жеке кәсіпкер Сергей Леонидовичке рахметімізді айтамыз.

Күлбаршын Молдағалиева, Томиристің әжесі.

-Алаңқай ыңғайлы жерде тұр. Балалар жаздың ыстығына да ағаштың көлеңкесінде ойнайды. Мен Құрбан айт мерекесінде игі шараға ат салысқан азаматарға алғысымды айтамын.

Жыл соңына дейін жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен тағы 9 балалар алаңқайы тұрғызылмақшы.

 

 

Берик Касен.