Құқық қорғау органдары

Велосипед ұрлағандар құрықталды

-Түнгі он жарымдар шамасында облыстық аурухана аумағында қараусыз қалған велосипедті байқадым. Сондықтан мен көп ойланбастан оған отырып, жүріп кеттім. Юбилейный көшесі бойындағы автотұрақ жанында да осындай жай тұрған қос доңғалақты көлікті көріп, тағы қолды еттім.

Ал екінші баукеспе бұл оқиғаларға өзінің қатысы жоқ екендігін айтып, ат тонын ала қашуда. Алайда ол ұрланған велосипедтерді қала базарларында саудалауға көмектескен. Бір қызығы, көліктердің бағасы сатып алушылардың күдігін тудырмаған.

-Велосипедтерді базарларда саудаладық. Бағасын екі жарым мыңнан үш мың теңге аралығында қойдық. Біріншісін мен “Тайга” базарында 5 мың теңгеге саттым. Ал екіншісін 2,5 мыңға “Алтын арман” сауда нүктесінде өткіздім.

Қазір екі күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылып, оларға қатысты қылмыстық іс қолғалды.

Нұрбек Асылбаев – Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы криминалдық полиция бөлімінің аға жедел әукілі.

-Қазір ол екеуінің өзге де қылмыстарға қатысы бар- жоқтығы тексерілуде. Қала тұрғындарына өз заттарына сақтықпен қарауды ескертеміз.

Жалпы ағымдағы жылы облыс орталығында велосипед ұрлаудың 63 фактісі тіркелген.

 

Магжан Ахмадина.