Қоғам

Қарттар мен мүгедектерге көмек

Содан бері қария үш бөлмелі үйінде 4 жыл бойы жападан-жалғыз тұрып келеді. Баспанаға қарауға оның мүмкіндігі жоқ. Үйін бір жөндеп алу арманына айналған. Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығында өңірдің белсенді жастары кембағал жанның ойын жүзеге асыруға көмектесті.

Данияр Әбутәліп – СҚО Жастар бастамалары орталығының директоры.

-Бүгін біз жастар қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы қарсаңында осы кісіге келіп отырмыз. Жалпы 1 қазан күні құттықтауға келгенде, Алексей Руденко өзінің мәселесін айтқан болатын. Содан кейін біз демеуші тауып, оған көмек көрсетудеміз.

Бір бөлменің тұсқағаздарын Петропавлдағы “Гедеон” құрылыс-материалдар дүкені тегін берген. Қабырғалардың жаңа тұсқағаздарын жабыстырып болғаннан кейін жастар үйдің еденін жуып шықты. Әзірше, қалған екі бөлме тағы бір мейірімді демеуші пайда болғанға дейін мүшкіл халде қала бермек.

Рүстем Есенбергенов – “Жас Ұлан” бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымы” РҚБ Солтүстік Қазақстан өңірінің атқарушы хатшысы.

-Жалпы бүгін өңіріміздің үкіметтік емес ұйымдары ұжымдасып үлкен көмек көрсетуде. Осындай істер арқылы біз барлық емес, шамамыз келгенше мүгедек адамдарға көмектесіп, еліміздің даңқын көтеріп, ауызбіршілік жасап отырмыз.

Алексей Руденко мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп жатқан жастардың бастамасына ризашылығын білдірді.

Алексей Руденко – І топтағы мүгедек.

-Мен осы көмектері үшін жастарға шексіз алғысымды айтамын. Кеше естігеннен бері жүрегім әлі ауырып тұр. Бұндай менің түсіме де кіріп көрмеген. Басында сенбегем де. Енді міне жастар келіп бөлмемді жаңартуда. Мен бұған қуаныштымын. Шексіз алғысымды айтамын.

Өңірдің белсенді жастары айлық аясында осыған дейін тағы 7 адамға көмек көрсеткен.

 

 

Риат Шони.