Қоғам

Достық үйінде қарияларға арналған қайырымдылық концерті өтті

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

-Қарттарды қолдау айлығына орай түрлі шаралар өткізбекшіміз. Соның аясында жастармен кездесулер ұйымдастырып, аға буын өкілдеріне арнап дастарқан жаюды жоспарлаудамыз. Бүгінгі қайырымдық концертке Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Тыл еңбеккерлерін, әр салада еңбек еткен зейнеткерлерді шақырдық.

Мерекелік кеште қариялар қауымына облыстық филармонияның камералық хоры таңдаулы деген әндерін тарту етті. Ұжымның жетекшісі – Юрий Камин. Аға буын өкілдері әндерді сүйсініп тыңдады.

Концертке көп адам келген екен. Барлығы да – түрлі салада еңбек еткен, қазірде құрметті еңбек демалысында жүрген қариялар. Солардың бірі – Орынбасар Көшерова. Ол өмірінің 42 жылдық ұстаздық жолына арнапты.

Орынбасар Көшерова – көрермен.

-Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы біздерді мерекелік концертке шақырып отыр. Мен қала зейнеткерлерін, еңбек ардагерлерін осы қарттар күнімен құттықтаймын.

Жалпы, Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы қарашаның біріне дейін жалғасады. Осы аралықта аға буын өкілдерінің бір де біреуі назарсыз қалмауы тиіс. “Қарты бар үйдің қазынасы бар” дегендей, қарттарымызға қандай құрмет көрсетілсе де артық етпейді.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.