Аптадағы маңызды жаңалықтар

Атырауға жасаған іс сапары барысында солтүстікқазақстандық делегация Эн Си Продакшн Оперейшнс Компаниясы өкілдерімен кездесті

Әрсен Насырханов «СОЛТҮСТІК» ӘКК ҰК» АҚ инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры.

-«Қашаған» бағдарламасы әлемдік деңгейдегі ең ірі жобалардың бірі. Сондықтан, оған біздің машинажасау саласы мамандарының қатысулары маңызды қадам болмақ. Компания өте жоғары талаптар қойып отыр. Бірақ, біз олардың сұраныстарына сай жұмыс істей аламыз. Оған мүмкіндігіміз бар. Бізге енді арнайы курстан өту керек. Екі жақты түсіністіктің болғаны да маңызды.

Қашаған жобасына қатысу белгілі бір мекемелердің дамуына жол ашып қана қоймай, өңіріміздің жалпы әлеуметтік деңгейіне де септігін тигізбек. «Эн Си Продакшн Оперейшнс Компани» қондырғыларының көп бөлігі шет елдерден сатып алынады. Дегенмен, Солтүстік Қазақстанда инновацияларды енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар басқа ел тауарларының импортын алмастыру мүмкіндігін туғызады. Яғни, керекті техниканы біздің өңірімізде шығару мүмкін болмақ.

Пьер Дельпон- «NCPOC» компаниясының сыртқы байланыс бойынша директоры.

-Сіздердің өндірістік компанияларыңыздың таныстырылымын көргенімізге қуаныштымыз. Мердігер компанияны іріктеу кезінде басты назарды жергілікті өнімнің дамуына аударамыз. Содан соң барлық үміткерлердің ұсыныстарын қарастырамыз. Халықаралық сертификаттау мен қамтамасыз ету бойынша арнайы бағдарламамыз бар. Және біз потенциалды мердігерлерге осы сертификаттарды алуға көмектесеміз.

Бұл кездесу Солтүстік Қазақстан жерінде жалғасын табады. Ол кезде компания өкілдері машинажасау саласы кәсіпорындарының жұмысын өз көздерімен көре алады. Қандай да бір нақты шешімдер содан кейін қабылданбақ.

 

Альбина Ғалымова.