Өнеркәсіп

Жыл басынан бері “Бескөл эксперименталды механикалық зауыты” ЖШС-гі 200 дана бетон араластырғыш машинасын құрастырды

Юрий Ермаков, “Бескөл эксперименталдық механикалық зауыты” ЖШС бас инженері.

-Біз құрылысқа қажетті бетон араластырғыш машинаның 3 түрін құрастырып шығарамыз. Оған керекті темірлер мен саймандар петропавлдық фирмалардан алынады. Немесе өзіміз жасаймыз. Мәселен, бетон араластырғыш машинаға қажетті редукторды өзіміз дайындаймыз. Бізде құрастырылған техниканың көмегімен сапалы бетон әзірлеуге болады.

Бүгінде кәсіпорын өз қаражаты есебінен кезең-кезеңімен техника паркін жаңарту үстінде. Өткен жылы қытайдың мына лазер білдегін сатып алыпты. Толығымен автоматтандырылған машина санаулы уақыттың ішінде қалыңдығы 12 мм-лік темірді қажетті қалып бойынша ойып шығарады. Десе де қызметкерлер бұрынғы металл жонушы, фрезерлік қондырғылармен де біраз жұмысты оңай атқарып жатырмыз дейді.

Сайран Осипов, “Бескөл эксперименталдық механикалық зауыты” ЖШС өндірістік цехтың басшысы.

-Лазер білдегі болгаркамен кесе алмайтын қиын деген элементтерді оңай кесіп шығады. Біз бар болғаны компьютерге бағдарламаны енгізіп, станоктың жұмысын бақылап тұрамыз. Мұның арқасында жұмысымыз да айтарлықтай жеңілдеді.

Серіктестікте 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Әрбіреуі еңбек өтілі мен мамандығына сай жалақы алады. Мұнда көршілес Бәйтерек, Белое сынды жақын маңдағы ауылдар мен қаладан келіп жұмыс істейтіндер де бар. Вячеслав Саратов кәсіпорында ең жас мамандардың бірі. Еңбек өтілі 3 жылды құрайтын электр дәнекерлеушінің жалақысы жаман емес. Ол қазір бетон жасауға арналған “БСУ-50” маркалы қондырғының қаңқасын құрастырып жатыр.

Вячеслав Саратов, “Бескөл эксперименталдық механикалық зауыты” ЖШС 5-ші разрядты электр дәнекерлеуші.

-Жұмысым өзіме ұнайды. Жалақы уақытылы қолға тиеді. Мен тап қазір бетон зауытына қажетті металл қаңқасын құрастырып жатырмын. Бұл іс ұжымдық жұмысты талап етеді. Сондықтан оған бәріміз жауапты әрі тиянақты қараймыз.

Серіктестіктегілер жыл басынан бері 200 дана бетон араластырғыш машина мен 3 бетон зауытын құрастырыпты. Соңғысының бір түрі мынау “ГСУ-50” деп аталады. Ол 1 сағаттың ішінде 45-50 куб бетонды араластырып шығуға қауқарлы.

 

Берик Касен.