Қоғам

Жастар қарияларға үй шаруасына қолғабыс етуде

Екатерина Старостина – “Жас Отан” ЖҚ белсенді мүшесі.

-Біздің ұйым қаладағы жалғыз тұратын ата-әжелерге көмек береді. Ол үшін біздің орталыққа хабарласып, өздері жайлы ақпарат қалдырады. Кейін біз ол жерге 5 белсенді мүшені бекітеміз. Ал содан соң олар мүмкіндігінше жиі келіп, қол ұшын беріп тұрады.

Қарт әжей қарашаның 24-і 85 жасқа толады. Валентина Михайловна бұл пәтерде өзі жалғыз тұрып жатыр. Ал балалары мен немерелері ер жетіп, өз алдына бөлек шаңырақ көтерген. Қарияның үйді жинастырып, реттеуге мүмкіншілігі жоқ. Сол себепті де үйдің шаруасына денсаулығы жарамағандықтан, еріктілер тобына жүгінуге тура келді, – дейді.

Валентина Гладилова – зейнеткер.

-Мен газет беттерінен “Жас Отан” жастар қанаты өкілдерінің жалғыз тұратындарға, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбекккерлеріне көмек беретіндерін оқыдым. Кейін олармен хабарласып, жағдайымды айттым. Олар менің үйіме өткен жолы да келген болатын. Ал бүгін тағы келіп, пәтер терезелерін қысқа дайындап, еденді жуып берді.

Жастар жағы жалғыз тұратын немесе үй шаруасымен айналысуға жағдайы келмейтін аға буын өкілдеріне көмектесуді – өздерінің парызы деп біледі.

Мұндай қайырымдылық шаралары болашақта да жалғасатын болады.

 

 

Бакыт Садуакасов.