Қоғам

Ювеналдық сотта ашық есік күні өтті

Ювеналдық сотта жыл басынан бері 15 іске қатысты шешім шығарылған, қазіргі уақытта тағы екеуі қаралуда. Сот қызметкерлерінің айтуынша, жасөспірімдердің арасында қылмыстар саны өткенге қарағанда біршама азайса да, қоңырау шалып, жалған ақпар беру жиі орын алуда. Көбіне, қылмысқа баратындар – нашар отбасыдан шыққан балалар дейді.

Несібелді Жәнібекова – СҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы.

-Біз мұндай шараны студенттер үшін айына екі рет өткізуге тырысамыз. Ашық есік күнін ұйымдастырудағы мақсатымыз – кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында кездесетін құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу.

Мерхат Искаков – СҚУ колледжінің 2-курс студенті. Ол оқуын аяқтаған соң осы жерде жұмыс істегісі келеді екен. Сол себепті, болашақ құқықтанушы ашық есік күндерінің тәжірибе жинақтауда маңызы бар дейді.

Мерхат Искаков – СҚУ колледжінің студенті.

-Мен мұнда бірінші рет келіп тұрмын. Барлық істермен жақсы таныстырды. Біз көбіне жазамыз, оқимыз, ал тәжірибе жинамаймыз. Осындай шаралар тәжірибе үшін керек.

Келесі ашық есік күні қазанның 17-і мектептердегі жоғары сынып оқушыларына арналып ұйымдастырылады.

 

 

Риат Шони.