Спорт

Петропавлда мектеп оқушылары арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтті

Жүгіру жолына түскен спортшылар жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөлінді. Кішілері 500 метрді бағындырулары тиіс болса, ал жасы үлкендері 1 мың және 2 мың метрді жүгіріп өтуі тиіс.

Александр Мицых – жеңіл атлетикадан БЖСМ директоры.

-Бұл күзгі спорттық жарысты осыменен 10 жыл қатарынан өткізіп келеміз. Өздеріңіз білесіздер, солтүстікқазақстандық жеңіл атлет – Маргарита Мұқашева Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан халықаралық додада жеңіске жетті. Сондықтан да бүгінгі жарысты осы спортшыларымыздың жетістіктеріне арнаймыз.

Көп ұзамай жеңіл атлетшілер жарыс жолына түсті.

Алғашында кіші топтағы сайыскерлер шықса, кейін үлкен топтағы спортшылар тартысқа түсті. Ауа райының суықтығы жарысқа қатысушыларға кедергі болған жоқ. Дәл осы ересектер тобында жарыста Әділ Қанафин мәре сызығын бірінші болып кесті.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды Қазбек Байболов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, күміс жүлдені Мағжан Жұмабаев ауданының өкілдері иеленді. Ал үздік үштікті есілдік спортшылар тұйықтады. Барлық жеңімпаз атанған жеңіл атлетшілерге мақтау қағазы мен медальдар табыс етілді. табысталды.

 

Бакыт Садуакасов.