МТРА жаңалықтары

Облыстық балалар ауруханасы ЛОР органдарын зерттейтін кешенді құрылғымен толықты

Абзал Бөлекбаев, Облыстық балалар ауруханасы лор бөлімшесінің меңгерушісі.

-Гайморит, фронтит деген мұрын ауруларын еш ауыртпай-ақ, оны вакуумдық жолмен жуып, тазалаймыз. Осы сияқты созылмалы тонзилитті де тазалауға болады. Бұл жерде тағы ауа инсуляторы бар. Онымен мұрын, ауыздың тар қуыстарына дәріні, ұнтақ пен сұйық ерітінділерді жеткізе аламыз. Ал мынау – эндоскоп, мұрынның шырышты қабығын толығымен ісіктен тазартады.

Кейде балалардың тамағына немесе мұрнына бөгде затты сұққанын естіп, жағамызды ұстап жатамыз. Міне, соларды да осы техниканың көмегімен еш ауыртпай алуға болады екен.

Виталий Никулин – Облыстық балалар ауруханасының лор-дәрігері.

-Лор-комбайн жараны лезде суретке түсіріп алып, мәліметті бірден мұрағатына сақтайды. Кешен техникалық тұрғыдан алып қарағанда кәдімгі робот тектес, бірнеше адам атқаратын жұмысты өздігінен басқара алады. Лор органдарын жуып-шаюға арналған суды 36 градус температурасында сақтап, өздігінен үнемдеу режиміне көшеді. Яғни, электр қуатын үнемдеп, бір бөлшегін қолға алған кезде өздігінен іске қосылады.

Бір әттеген-айы, бұл кешеннің көмегіне тек осы ауруханада жатқан науқастар ғана жүгіне алады. Бүгінде бөлімшеде 22 бала ем алуда.

 

Берик Касен.