Мәдениет

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры 16-шы маусымын ашты

Қазақ сахнасының алып анасы – Сәбира Майқанованың 100 жылдық мерейтойына арналған бұл шарада жерлестеріміз 9 театрдың ішінен 5-тіктің қатарынан көріне алды. Тұңғышбай Жаманқұлов, Асанәлі Әшімов сынды өнер тарландары солтүстікқазақстандықтардың кәсіби деңгейіне жоғары баға беріпті.

Осы фестивальде спектаклдің қоюшы режиссері – Қуандық Қасымов “Үздік режиссер” атанса, ал басты рөльді сомдаған жерлесіміз Батырбек Шамбетов “Үздік ер адамның рөлі” аталымын жеңіп алды. Өңір әртістері мұнымен тоқтамақ емес, алда Алматы, Көкшетау, Тараз қалаларынан жас, тәжірибелі режиссерларды шақыртып, тың қойлымдар ұсынабақшы.

Біржан Жалғасбаев, С.Мұқанов атындағы СҚО-тық қазақ сазды-драма театрының директоры.

-Қазір ересектерге арнап режиссер Батырбек Шамбетовтың “Қара шекпен” психологиялық драмасын әзірлеп жатырмыз. Сонымен қатар бүлдіршіндерге арналған “Екі дос” немесе “Делдал қарға” көрінісі де дайындық үстінде. Одан кейін “Номер 13” коммедиясын сахыналаймыз. Ол үшін қазан айында алматылық Ержан Қабыланов деген жас режиссерді шақыртамыз.

Келер жылы қазақ театрының құрылғанына 15 жыл толады. Осы қысқа ғана уақыттың ішінде киелі шаңырақта жұртшылыққа 60-тан аса қойылым ұсынылыпты.

Жансұлу Жанатқызы, “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкері.

– Осы маусымнан көп жаңалық күтемін. Режиссерлер көбінесе тастанды балалар мен ата-аналар туралы және жастар мәселесін көбірек қозғаса деймін.

Дармен Қашқынбай, көрермен.

-Өмірдің өзі театр. Сондықтан мен киелі шаңыраққа өзіме керекті ақпарат алуға, мәдениетімді жоғарылату үшін келемін.

Зейнеп Айтибаева Петропавлға қонаққа келген. Кейуана Петропавлға 2,3 жылда бір келіп тұрады. Жергілікті өнер ошағынан бөлек, ол Талдықорған мен Алматылық театрларға барғанды ұнатамын дейді.

Зейнеп Айтибаева, Талдықорған қаласының тұрғыны, ОҚО.

-Өз басым ел сахыналарында қазақ жазушыларының Қыз жібек, Еңлік-Кебек, Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты пьесалары мен спектакльдері көбірек сахыналанса деген ниетім бар.

Биыл мекеменің бір бүйірінен шағын мұражай ашылды. Мұнда театрдың көрермендері қойылым басталғанша өнер шаңырағының 15 жылдық тарихымен танысып, көрнекі дүниелер арқылы өткені мен бүгінінен мәлімет ала алады.

Біржан Жалғасбаев, С.Мұқанов атындағы СҚО-тық қазақ сазды-драма театрының директоры.

-Мына грамоталар мен марапат қағаздардың барлығы осы театрдың 15 жылда жеткен жетістіктері. Мұның барлығын жинап, бір жерге сақтап қоюды жөн көрмей, ұжыммен ақылдаса келе оны көрермендер театр тарихын шамалы білсе деген ниетпен аштық.

Мұражайды қатаң классикалық нақышта мәдениет ошағының бас суретшісі Ғалия Қожахметова безендірген. Сәндеуші бұдан бөлек сахынадағы декорация мен әртістердің киген киімдерінің қойылымға сай болуына жауап береді екен. Мұнда шағын сахна, актердың бұрышы, фото суреттерден бөлек жазушы С.Мұқановтың суреті мен қолданған заттарына да орын бөлінген.

 

Берик Касен.