МТРА жаңалықтары

Қытай ойыншықтары қауіпті

Олар дәл мына зертханада тексеріліп, 12-сінің санитарлық талаптарға сай еместігі анықталды. Балаларға келетін негізгі қауіп – қытайлық өнімдердің арзан синтетикалық материалдардан жасалындығында. Барлық ойыншықтардың құрамындағы фенол тиісті деңгейден асып кеткен. Аталмыш химиялық элементтің салдарынан балақайлардың терісі бөртіп, асқазаны ауырады, тіпті олар бронхиалдық демікпе дертіне де шалдығуы мүмкін.

Гүлнар Сейітова, СҚО бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы.

-Барлық ойыншықтар Қиытайда шығарылған. Олардың құрамында фенол 1,5 есеге артық, одан басқа ацетон мен метанол затының да мөлшерден тыс қосылғандығы анықталды. Сапасы да өте нашар. Бірақ, бүгінде аталмыш өнімдерді саудалайтын шағын және орта бизнес нысандарын тексере алмаймыз. Оған шектеу қойылған.

Мәселен, бір жасқа дейінгі сәбилерге арналған мына сылдырмақ көзге әдемі көрінгенімен, сыртына көп бояу жағылған. Және тез сынып қалады. Мұндай ойыншықтарды балаларға мүлдем беруге болмайды. Және айта кету керек, доптарды сатып аларда да абай болған жөн.

Гүлнар Сейітова, СҚО бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы.

-Ойыншықты сатып аларда нұсқаулыққа назар аудару қажет. Онда тауардың қай елде шығарылғаны, жарамдылық мерзімі мен қандай жастағы балаларға арналғандығы көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, ойыншықтың сыртында қаптама болуы міндетті болып саналады.

Енді, бұдан бұлай кедендік одақтың техникалық регламентіне сай келмейтін сапасыз ойыншықтарды ел аумағына тасымалдауға тыйым салынды.

 

 

Бану Ахметова.