МТРА жаңалықтары

Облыста аң аулау маусымы басталғалы заңсыз сібір елігін атуға қатысты 2 факті тіркелді

Ал оның салдары көп жағдайда соқпақты болып жатады. Мысалға, таяуда Айыртау аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері “Көкшетау” мемлекеттік паркінің қорықшыларымен бірге Имантау селосының екі тұрғындарын ұстаған. Олар 3 сібір елігін заңсыз атып алды деп айыпталуда.

Алмат Дүйсекин – СҚО ІІД ӘПБ табиғатты қорғау полициясының инспекторы.

-Осы аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 288-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған азаматтар соттың шешімімен 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ дәл осындай факті Мағжан Жұмабаев ауданында да тіркелді. Аудандық тәртіп сақшылары Полудино селосының маңында “Лада-Калина” маркілі жеңіл автокөлікті тізгіндеген Бескөл ауылының тұрғынын қолға түсірген.

Алмат Дүйсекин – СҚО ІІД ӘПБ табиғатты қорғау полициясының инспекторы.

-Автокөлік ішін тінту кезінде сібір елігі мен “ИЖ-54” маркілі аң аулау қаруы табылды. Аталған іс әкімшілік сотқа жолданды.

Құқық қорғаушылар заңсыз аң мен құс аулайтын солтүстікқазақстандықтарды анықтау мақсатында рейдтік шараларды жиі өткізіп тұрады.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.