Құқық қорғау органдары

№17 мектепте есірткінің зияны жөнінде кезекті лекция өткізілді

Жанар Байғазина – СҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының аға жедел өкілі.

-Мемлекеттік бағдарламаларда қойылған міндеттер бойынша біз облыстық және қалалық оқу орындарында үнемі осындай шараларды ұйымдастырамыз. Бүгін дәріс №17 мектепте оқылды. Жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу барысында, біз есірткінің зияны, оның ағзаға қауіпті кесірі туралы баяндап, қазіргі таңда салауатты өмір салтын ұстанға әлдеқайда тиімді екенін айтып бердік.

Бұл шараға 9-11 сыныптардағы барлық оқушылар қатысты. Балалардың айтуы бойынша, арнайы әзірленген слайдтар пен роликтерден олар өздеріне маңызды ақпарат алған.

Александр Гнездилов – 11 сынып оқушысы.

-Бүгінгі кездесуде мен есірткінің құрамы жайында және ол ағзаға қалайша зиян келтіретінін білдім. Өзіме есірткі жолына туспеуге серт бердім.

Үстіміздегі жылдың 9 айында есірткі бизнесімен күрес бөлімшесінің қызметкерлері есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында 624 шара өткізген.

 

 

Сагыныш Маркашева.