Білім

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға

Марина Корнева – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының музыка пәнінің мұғалімі.

-Мамандығымды таңдауда мен мүлдем қателескен жоқпын деп айта аламын. Себебі, жастайымнан жаным әнге жақын болғандықтан, музыка мектебіне баруды жөн санадым. Сондай-ақ, ән байқауларына жиі қатысып тұратынмын. Содан болар, өмірімді осы саламен ұштастырдым. Оның үстіне маған балалармен жұмыс істеген ұнайды.

Бүгінде Марина Корневаның 30 жылдан астам еңбек өтілі бар. Соңғы 8 жыл бойы ол мектеп-интернат қабырғасында оқушыларды ән салуға баулып, түрлі аспаптарда ойнауды үйретіп келеді. Тіпті білім ошағынан арнайы үйірме де ашқан. Оған қазір 30- дан астам оқушы қатысады. Тынымсыз еңбектің арқасында ұлағатты ұстаздың шәкірттері биылғы жылы өткен облыстық «Таңшолпан» байқауында бірінші орынды жеңіп алған.

Галина Калашникова – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының оқушысы.

-Марина Николаевна ол балаға музыка арқылы жол табады. Ол жақсы мұғалім. Біз одан көп нарсеге үйренеміз. Ол көп адамды сыйлайды. Біз де оны сыйлаймыз.

Татьяна Лопатина – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының оқушысы.

-Музыка үйірмесіне қатысып жүргеніме 8 жылдай уақыт болды. Алғашында қиналдым. Бірақ осы ұстазымыздың арқасында барлық қиындықтарды жеңе білдім.

Қазіргі таңда бұл интернатта 130-ға жуық тәрбиеленуші бар. Оларға 50-ге тарта ұлағатты ұстаз сабақ береді.

 

 

Самат Джакупов.