Спорт

Теріскейде ауыр атлетика спорты жандануда

Мұндағы 12 мен 16 жас аралығындағы 13 шәкіртке ауыр атлетикадан жаттықтырушы Эрик Алибаев бар білген-түйгенін үйретіп жатыр. Бұл азамат 1983 жылдан бері бапкерлік жолында. Талай мықты спортшыларды әзірледі. Арасында халықаралық жарыста өнер көрсетіп жүрген ауыр атлетші Айдар Қазов та бар. Ол үстіміздегі жылы Азия Чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Эрик Алибаев – ауыр атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы.

-Біздің облыс 2007 жылға дейін ауыр атлетика бойынша ешбір жарысқа қатысқан емес. Кейін өзімнің досым Михаил Делицинмен бірігіп, өңірде осы спорт түрін дамытуды қолға алдық. Осы уақыт ішінде біраз жетістіктерді бағындырдық. Әрине, алғашында ел көлеміндегі жарыстардағы көрсеткіштеріміз нәтижесіз болды. Ал қазіргі кезде тәрбиеленушілерімді халықаралық жарыстарға шығара алатын деңгейге жетіп отырмыз.

Таяуда облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатта 4 жаңа зал қолданысқа берілді. Соның бірі интернат ішіндегі осы ауыр атлетика залы.

Эрик Алибаев – ауыр атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы.

-Қазіргі кезде облыс ішінде ауыр атлетикадан өткізіліп тұратын жарыстарға 120 спортшы шығып тұрады. Аудандарда да ауыр атлетшілерді даярлайтын үйірмелер баршылық. Жаңа оқу жылынан бастап мектеп-интернат жанынан ауыр атлетка залы пайдалануға берілді. Бұл қуантарлық жәйт.

Ауыр атлетика залында спортшылар күн сайын жаттығып тұрады. Тынбай еңбектеніп келе жатқан жас ауыр атлетшінің бірі Бауыржан Ғалым. Дәл осы жеткіншектен, бапкері алдағы жарыстарда үміт күтеді. Дегенмен жаттықтырушы ешбірін бөліп-жарған емес.

Бауыржан Ғалым – ауыр атлетші.

-Мен Тайынша ауданынан келдім.2 жыл ауыр атлетикамен айналысып келемін. Біз күніне 2 рет осы залда жаттығамыз. Арманым Олимпида чемпионы болу.

Бапкер қазірден бастап шақырту алған жарыстарға тәлімгерлерін мықтап дайындауда. Ол жаттығып жүрген жас атлетшілер – ел намысын республикалық және халықаралық жарыстарда қорғайтын болады, – деп сендірді.

 

 

Бакыт Садуакасов.