Билік

Қарттар күні облыс әкімі ардагерлерді аралап, жағдайларын біліп қайтты

Қожатай Некібаев- ҰОС ардагері.

-Оқу қиын болды. Мен мектепті аяқтай алмай кеттім ғой. Сондықтан курстастарым түнде ұйықтап жатқанда, мен 2 сағат қана ұйықтап сабақ оқитынмын. Сабағымды жақсы оқып, 4-5 ке аяқтадым.Кейін өзім оқыған мектепте 36 жыл еңбек етіп, зейнетке шықтым.

«Германияны азат еткені» үшін, Жеңістің мерейтойлық және Жуков атындағы медальдармен марапатталған қария 90 жасқа таяп қалса да әлі тың. Бір жыл бұрын Қожатай Некібаев жаңа пәтерге ие болып, облыс орталығына қоныс аударған. Жұбайы Айша апаймен 66 жыл отасыпты. Қазір олар 10 бала, 25 немере және 15 шөбере сүйіп отыр. Бүгін ардагерді қарттар күнімен құттықтауға аймақ басшысы Ерік Сұлтанов келді.

Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов ардагерге теледидар сыйлады.

 

 

 

Магжан Ахмадина.