Білім

Елбасының Ұлытаудағы сұхбаты талқыға салынды

Анархан Дүйсенова- СҚО әкімінің орынбасары.

-Ұлытау тарих шежіресінің қоймасы. Оның әр тасы, төбесі тәуелсіздік үшін күрескен ата- бабаларымыздың рухын көз алдыңа әкеледі. Елбасымыз Ұлытауымыз бен Ордабасымыз досымыз бен дұшпанымызға ұялмай көрсететін жер деді.

Елбасының бұл пайымдауларынан барша қазақстандықтар алға қойған бағытымыз, негізгі ұстанымдарымыз туралы нақты мағлұмат алды. Ал президентіміздің тіл мәселесі, әсіресе, мемлекеттік тіл туралы сөздерін М.Қозыабаев атындағы СҚМУ студенті Александра Назаренко ерекше көңілге тоқыған.

Александра Назаренко- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.

-Қазақ тіліміз мәңгілік елмен бірге, мәңгілік тіл болды.Бұл даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы деп білемін. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев, әсіресе, тіл мен дін мәселесіне келгенде, барынша сақ және сауатты болуды атап өтті. Онда бұл маңызды жайттармен қоса, экономикалық даму, тұтас қазақстандық тәуелсіздік жайы қозғалды. Бүгіндері солтүстікқазақстандық жастар ұлт көшбасшысының бұл идеяларын толық қолдауда.

Сандуғаш Сембаева- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.

-Елюбасының осы айтып кеткен, ой- толғаулары, пікірлері жастардың қолдауын тапты. Тілді дамыту, үш тілді меңгеру осы ойлары менің көңілімнен шықты.

Ұлдана Дүйсенбаев- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.

-Біз үш тілді қатар меңгеруіміз шарт.Соған бәріміз ат салысуымыз керек. Бұдан өзге Елбасының дін туралы айтқан пікірлері ұнады.

Мемлекет басшысының бұл пайымдаулары күллі қазақстандықтардың келешегі үшін маңызды құжат болмақ.

 

 

Магжан Ахмадина.