Білім

Ардагер ұстаздарды “Нұр Отан” партиясының ұжымы құттықтады

Шәрбан Таймуллина – “Білім” бастауыш партия ұйымының төрайымы.

-Ұстаздар қауымы өмір бойы өзінің білімін, барлық жүрек жылуын шәкірттеріне арнаған кісілер. Бұл кісілер ыстықта да, суықта да таңертеңнен кешке дейін қажымай, қайратты болып, алға қойған мақсатын орындаған ұстаздар. Сол ұстаздар бүгінде өз шәкірттерінің жоғары деңгейге жеткендеріне қуанып, оларды мақтан тұтып отыр. Сондықтан да мұғалімдердің келе жатқан мерекесі құтты болсын.

Құрметті демалыста болса да, әлі күнге дейін білім ошақтарына басшы болып жүрген бірқтар директорлар мерекелік шарада алғыс хаттарға ие болды.

Күлтәй Әміржанова 30 жылдан аса еңбек өтілі бар педагогика саласының майталманы. Өмірінің ұзақ жылдарын бала тәрбиесіне арнаған ол өзін білім нәрімен сусындатып, маңдайалды маман қылып түлеткен М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжіне алғысын айтуда.

Күлтәй Әміржанова – зейнеткер.

-Еңбегіміз бағаланып жатыр. Барлық адамдар елеп жатыр. Енді тек қана Аллаһ тағала осы елге тиыштық берсін. Мынау бастап жатқан қадамдар аман-есен болсын. Мен ең бірінші колледжі бітірдім. Сол білім ордасын бітіргенме ризамын. Ұстаздар менің өміріме қажетті барлық білімді бере алды. Мен соған ризамын.

Жалпы мұндай іс-шаралар жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Кездесу соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

 

Риат Шони.