Спорт

Солтүстікқазақстандық 2 боксшы республикалық турнирде жүлдеге ілікті

Нәтижесінде оның 2-уі жүлдеге ілікті. Бұл сында 69 келі салмақ дәрежесі бойынша жерлесіміз Азат Илюбаевқа тең келер қарсылас табылмаған. Боксшы 3 кездесуден сәтті өтіп, ақтық сында қарағандылық қарсыласынан күш пен техника жағынан басым түскен. Талабы таудай жас осыған дейін ел және Азия чемпионаттарында жақсы нәтижеге қол жеткізіпті.

Азат Илюбаев, бокстан спорт шеберлігіне үміткер.

-Мен 69 келі салмақ дәрежесі бойынша 4 қарсыласымды жеңдім. Оның 4-уі де қарағандылық. Маған мұндай сайыстар алдағы мұратыма жету үшін үлкен ынта мен күш береді.

Ал, Данияр Гайнулин 3 кездесу өткізіп, соңғысында жеңіліс тапқандықтан, 2-ші орынды місе тұтты. Сонда да оның бапкері шәкіртім сенімімді ақтады деп отыр.

Антон Лопатин, бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы.

-Жезқазған қаласында бокстан республикалық турнир осымен 23-ші рет ұйымдастырылды. Жарыста 70-тен астам жас бақ пен бап таластырды. Жалпы петропавлдықтар осы сында физикалық, техникалық тұрғыдан өздерін жақсы көрсетті. Қазан айының соңында Талдықорған қаласында бокстан халықаралық турнир өтеді. Азат пен Данияр бақтарын сол сайыста да сынағысы келеді. Қазір олар дайындық үстінде.

Республикалық турнирде жасөспірімдерден бөлек төрешілердің де жұмысы да жоғары бағаланған екен. Оннан жерлесіміз Азамат Жақиянов “Үздік төреші” атағын иеленіп қайтты.

 

 

Берик Касен.