Әр түрлі

Қазанның 4-і Құрбан айттың алғашқы күні

Қасымхан Абдоллаұлы – “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы.

-Мұсылмандардың діни екі мейрамы бар. Ол ораза айтпен құрбан айт. Алла қаласа, қазанның төрті күні таңғы сағат 8-ден 30 минут өткенде, біздің қаламыздағы мешіттерде айт намазы оқылады. Айт намазына ер адамдарға қатысу – ол міндетті болып саналады.

Айтулы мейрам ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Ұлық мереке қажылық жасаумен аяқталады. Биыл елімізден 5000-нан астам адам үлкен қажылыққа Меккеге атанса, оның 14 солтүстікқазақстандықтар. Айт күндері шамасы келетіндерге құрбандық мал шалу парыз. Және ол міндетті түрде айт намазынан соң шалыну керек.

Қасымхан Абдоллаұлы – “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы.

-6-7 айлық тоқты құрбандыққа жарайтын болса, сиырдық екі жасқа, түйенің бес жасқа толғаны жарайды. Ешкі мен қой бір отбасынан құрбандыққа шалынады. Және де сол сияқты сиыр мен түйені жеті адам бірігіп құрбандық ниетімен шалуға болады. Және де құрбандыққа сол малдың бойында, бір кемшілік болмау. Яғни мүйізінің сынығы, құлағының кесілгендігі арық, ақсақ, тоқсақ, ауру малдар құрбандыққа жарамайды.

Биылғы мерекенің ерекшелігі сол, түрлі спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырмақ. Сондай-ақ ауа райы қолайлы болса, мешіт аумағына ақшаңқай киіз үйлер бой көтеріледі. Айт намазынан соң, жетім-жесірлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы дастархан жайылатын болады.

 

 

Самат Джакупов.