Мәдениет

Қарттар мен мүгедектерге арналған концерт

Ахметжан Рамазанов, еңбек ардагері.

-Бұл концертке шақырғанына ризамын. Бізде ұмытпай ылғи да шақыртып отырады.

Мерекеге арналған концерт “Мен өмірді сүйемін” деп аталды. Оны тамашалауға ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен мүгедек жандар келген. Жүздері бал-бұл жайнап, концерттен ерекше әсер алуға жиналған қауымға қаламыздың шығармашылық ұжымы әннен шашу шашты.

Концерттен бөлек, қаламызда қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Сара Тасеманова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы.

-Қазанның бірі қарттар төл құжаттарымен қоғамдық көліктерде тегін жүре алады. Ал, Қазанның 12-сі мүгедектер тегін жүрмек.

Бүгінгі күні Петропавлда 39 мың 104 қария тұрып келеді.

 

 

Бану Ахметова.