МТРА жаңалықтары

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясындағы шаралар

Алтынай Аюпова – СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектерді оңалту бөлімінің бас маманы.

-Оған 3703 еңбек ұжымы немесе 92234 адам қатысты және 67 миллион теңгенің жиналды. Облыс әкімдігі жанында құрылған жұмыс тобының ұсыныстары бойынша қаражат келесідегідей бөлінді. Жартысы өзінің зейнеткерлерін құттықтау үшін еңбек ұжымдарында қалдырылды, қалған бөлігі облыстық, аудандық және қалалық ардагерлер одағына аударылды.

Бүгінгі таңда өңірімізде 96 мыңнан аса зейнеткер мен 29 мыңнан астам мүгедек жан тұрып жатыр. Айлық аясында олардың бір де бірі назардан тыс қалмақ емес. Жарымжандар мен аға буын өкілдері қаржылай демеуден бөлек, азық-түлік, отын-көмірмен де қамтылмақ. Оған қоса 15 зейнеткер мен мүгедектің баспанасы жөнделеді.

Алтынай Аюпова – СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектерді оңалту бөлімінің бас маманы.

-Кәсіпорындардан зейнетке шығып, түрлі себептермен байланыс үзген зейнеткерлер ерекше назарға ие. Облыста 17 мыңнан астам, соның ішінде Петропавл қаласында 5 мыңнан аса бұндай азаматтар тұрады. Ауылдық елді-мекендерде бұндай зейнеткерлерді негізінен жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға бекітеді, облыс орталығында оларға сенбіліктен жиналған қаражаттан көмек көрсетіледі. Айлықты өткізу барысында 90 миллион теңгеден астам сомасында 98 мың зейнеткер мен мүгедектерді қамту жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, мүгедектігі бар зейнеткерлер жыл сайын жүйелі түрде облыс пен республиканың емдеу орындарында денсаулықтарын нығайтып тұрады. Қазіргі уақытта қаламыздағы “Солнечный” санаторийінде 22 қария емделуде. Солардың арасында Ақжар ауданының тұрғыны Қайыргелді Бекмағамбетов те бар. Қария 2-ші топтағы мүгедек. Оның осы мекемеде ем-дом қабылдап жатқанына 8-ші күн болыпты. Зейнеткер мемлекеттен беріліп отырған көмекке шүкіршілік етуде.

Қайыргелді Бекмағамбетов – емделуші, Ақжар ауданы.

-Жыл сайын бір рет санаторийге барып тұрамын. Биыл міне Петропавлдағы “Солнечный” санаторийінде емделіп жатырмын. Тамағы бәрі оңды, жақсы. Бір жетіден асты осында жатқаныма. Ризамын.

Сондай-ақ қарттар күніне орай соғыс және еңбек ардагерлері кеңестерінің төрағаларымен кездесулер өтеді деп жоспарланған. Мемлекеттік ұйымдар аға буын өкілдеріне қайырымдылық ас беріп, мәдениет үйлері мен мектептерде мерекелік концерттер ұйымдастырылмақ.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.