Без категории

Қаладағы қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу қабырғасындағы есімдер толықтырылады

Болат Сағындықов, “Память” қоғамдық қорының төрағасы.

-Ақмола облысы бізге 950 адамның тізімін жіберді. Өйткені, олар репрессия жылдары аталған өңірде тұрған. Қазір Айыртау, Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандары Солтүстік Қазақстан облысына қарасты болғандықтан ол адамдардың тізімі енді осы тақтаға енгізілейін деп жатыр.

Қосымша қаланатын ұзындығы 8,5 метрлік қабырғаны “Любимов” ЖК-нің қызметкерлері тұрғызуда.

Болат Сағындықов, “Память” қоғамдық қорының төрағасы.

-Бұл мақсатқа 3,5 млн. теңге жұмсалады. Бүгінде оның 1,5 млн. теңге игерілген. Қабырғаны “Любимов” ЖК-гіның қызметкерлері тұрғызуда. Жұмыстың жартысы тындырылды, қалғаны қазан айының ортасына таман бітуі тиіс. Бұл іс облыстық әкімдіктің қолдауымен, өңір кәсіпкерлерінің қаржылай демеуімен жалғасын тапты.

Ескере кетерлігі, ел бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған жандарға арналған осындай естелік қабырға әзірге біздің өңірде ғана тұрғызылған екен.

Оның пайда болуына тікелей “Память” қоғамдық қорының төрағасы Болат Сағындықов түрткі болған. Себебі оның туған әкесі де тоталитаризмнің құрбаны болған. Оны НКВД қызметкерлері 1937 жылы тап осы жерде атып, кейін қағаз жүзінде Қарағанды қаласындағы “Долинка” лагерінде туберкулезден қайтыс болды деп жалған ақпарат берген.

Болат Сағындықов, “Память” қоғамдық қорының төрағасы.

-Ол кезде әкеме “халық жауы” деген жалған айып тағылды. Ол сол жылдары Мамлют ауданы, Бостандық ауылында тұрған. Ол ауылдан әкеммен бірге 5 адам қуғынға ұшырады.

Бұдан бөлек қуғын-сүргін құрбандарына арналға ескерткіштің екі жағына мемориалдық стелла орналаспақ. Онда ескерткіштің салынған жылы мен оны тұрғызуға ат салысқан ұйымдар туралы жазылмақ.

 

 

 

Берик Касен.