Құқық қорғау органдары

Қала көшелеріне жылдамдықты өлшегіш қондырғылар орнатылды

Бұдан басқа тағы 2 стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы Сатпаев көшесі және Ш.Уәлиханов пен Айыртау көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл 3 бірдей қондырғыны сатып алу мен іске қосу жұмыстарына ел қазынасынан 48 млн. теңге жұмсалған. Құрылғылардың бұрынғысынан өзгешелігі жылдамдықты асырған көлікті жарықсыз суретке түсіріп алады. Сөйтіп, жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі бұдан хабарсыз болуы мүмкін. Ал аппарат түсіріп алған сурет бірден облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығына келіп түседі.

Алтынбек Тиштыбаев, СҚО ІІД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімі басшысының орынбасары.

-Суреттер осында келіп түседі. Сосын біз оны хат арқылы жүргізушінің мекен-жайына жібереміз.

Орталыққа күніне 15-20 сурет келіп түседі.

Алтынбек Тиштыбаев, СҚО ІІД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімі басшысының орынбасары.

-Жылдамдықты сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін асырған жағдайда 10 АЕК, ал 20-дан 30-ға дейін жылдамдықты асырса 15 АЕК, 40 шақырымнан жоғары болса 30 АЕК-те айыппұл төлейді.

Жалпы жыл басынан жолда жүру ережесін бұзудың 63 мың 798 фактісі тіркелген. Аталмыш заңбұзушылықтардың негізінде салынған айыппұл 369 млн. 400 мың теңгені құрайды. Оның тең жартысы бүгінгі күні өндіріп алынған. Ал жалпы қаламызда жылдамдықты өлшейтін 6 қондырғы орнатылған. Кез келген көлік иесі өзінің жол ережесін бұзғандығы туралы ақпаратты 61-25-57 телефонына қоңырау шалып, біле алады.

 

 

 

Бану Ахметова.