Билік

«Көмірсутегі саласындағы инновациялар» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының 11-ші форумы өтті

Челябі облысының кәсіпкерлері қол қойылған құжаттың маңзыдылығын айтуда. Ресейліктер ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға мүдделі.

Юрий Попов- Челябі технологиялық өңдеу зауытының директоры.

-Бұл көрмеде өз өнімдерімізді ұсынып отырмыз, кәсіпорнымыз инновациялық бағытта жұмыс істейді. Біз инновацияға құйған инвестициямызға сай жауап беретін нарыққа шыққымыз келеді. Осы орайда біз Қазақстанды таңдап отармыз.

11-ші форумды өткізу үшін Атырау қаласының таңдалып алынуы кездейсоқ емес. Бұл өңірде өнеркәсіп саласы жақсы дамыған және ірі мұнай-газ кәсіпорындары көп. Сапар барысында Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы «ТенгизШевройл» компаниясының бас кеңсесінде болды Осы жерде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Біз бүгін “ТенгизШевройл” компаниясымен келісім жасастық. Кәсіпорын басшысы бізде 1 ай бұрын болған. Өңірдегі өндіріс ошақтарын аралады. Бұл жұмыс екіжаққа тиімді болады деген ойдамын.

Бұдан соң форумның ресми бөлігі – мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысумен пленарлық отырыс өтті.

 

 

Альбина Галимова.