Құқық қорғау органдары

Ержүрек жастар тәртіп сақшыларының марапатына ие болды

Қанат Айтбаев – Петропавл қаласы ІІБ бастығы.

-Жеке құрамның және де өз атымнан алғысымызды білдіремін. Сіздің көрсеткен батырлығыңыз шынымен де қазіргі заманда керек. Бұл ерлігіңіз басқа жастарға, қоғамды қорғап, қылмысты ашып жүргендерге үлгі болсын.

Дмитрий Калмыков 18 жаста ғана. Үстіміздегі жылы ол М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжге әлеуметтік қызметкер мамандығы бойынша оқуға түскен. Ендігі кезекте, жас батыр тәртіп сақшыларының қатарын толықтырып, құқық қорғау саласында жұмыс істеу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Дмитрий Калмыков.

-Мен адамгершілік танытып, көмектесу үшін қылмыскердің артынан аңдуға кірістім. Өйткені, қорғансыз әйел адам айқайлап жатқанда, бей-жай өте беруге ар-ұятым бармады.

Дмитрийдің досы 17 жастағы Стасқа да Петропавл қаласы ІІБ басшылығы алғыс хаты мен 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі сертификатты әзірлеген.

Валерий Вернигоров – Петропавл қаласы ІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы.

-Біз жастардың бұндай адамгершілік әрекеттеріне қанағатпыз. Мен барлық жастар осы екі азаматқа ұқсаса деймін.

Айта кеткен жөн, бұл студенттер азаматтық жауапкершілік танытқан алғашқы жерлестеріміз емес. Таяуда ғана жол көлік апаты болған орыннан бейнематериал әкелген 37 жастағы Петропавл қаласының азаматы мен ұрының ізіне түскен мектеп оқушылары да марапатқа ие болды.

 

 

Риат Шони.