Білім

Табысты еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз

Бүгін “Әдебиеттік оқулар” пәнінде олар “Мұғалімдер күні” тақырыбын қарастырады. Сабақты Гүлзира Уәлиева өткізіп жатыр. Ұлағатты ұстаз бұл бастауыш сынып оқушыларына 4 жылдан бері білім беріп келеді. Өз сабағында жаңа әдістемелерді қолдануға тырысады. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімі біліктілігін жетілдіріп отырады.

Гүлзира Уәлиева, қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.

-Бастауыш мұғалімі ретінде мен өзімнің тәжірибемде көптеген жаңа технологияларды, әдістемелік технологияларды қолдануға тырысамын. Баланың ең бірінші баланың жас ерекшелігіне қарай тиімді әдіс-тәсілдерді қолданамын.

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға демекші, Гүлзира Уәлиеваның білім саласында еңбек етіп жатқанына 16 жылдың жүзі болған. Бастапқыда еңбек жолын Блоговещенка орта мектебінен бастапты. Онда 10 жыл қызмет еткен. Қазір осы қалалық классикалық гимназияда жұмыс істеуде. Өмірін балаларға білім беруге арнаған оқытушы байқауларды бос жібермейді. Нәтиже бар. Биылғы жылы Гүлзира Уәлиева “үздік педагог” атанды.

Гүлзира Уәлиева, қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып оқытушысы.

-Мұғалім өз құзреттілігін арттырып отыруы керек. Мен 16 жыл еңбек өтілім барысында түрлі сайыстарға қатыстым. Соның ішінде шоқтығы биік, облыстық “Үздік педагог” байқауында бағымды сынап көрдім. Жақсы нәтиже көрсеттім.

4 жыл бойы Гүлзира Уәлиевадан білім алып жатқан оқушылар ұстаздарын ерекше жақсы көреді. Ол сабақты қызықты етіп ұйымдастырады, әрі біздің қызығушылығымызды оятуға тырысады дейді балалар.

Мирас Карбай, 4 “а”-сынып оқушысы.

-Менің алғашқы ұстазым Уәлиева Гүлзира Серікқызы. Бізді білім нәрімен сусындатып аянбай еңбек етіп келеді.

Ұлағатты ұстаздың арманы асқақ. Балаларды заман талабынан сай тәрбиелеп, барынша білімді азамат етуге өз септігімді тигізсем дейді. Ал бос уақытында қазақтың ұлттық тағамдарын пісіріп, тігін тігіп, спортпен шұғылданады.

 

 

Бану Ахметова.