Ауыл шаруашылығы

Сенбі күні облыс орталығында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кезекті жәрмеңкесі өтті

Еркебұлан Кәменов – СҚО кәсіпкерлікті дамыту және туризм басқармасының басшысы.

-Жәрмеңкеге 10 тоннаға жуық ет, бес тоннадан астам сүт өнімдері әкелінді. Бағалары қалта көтерерлік. Тауар сапасы да жоғары. Жалпы мұндай шара облыс әкімі Ерік Сұлтановтың бастамасымен апта сайын ұйымдастырылып тұрады.

Қала тұрғындарына 8 ауданның тауар өндірушілері 80-нен аса өнім түрлерін ұсынды. Мәселен Аққайыңдықтар кезекті жәрмеңкеге 1 миллион 200 мың теңгенің тауарын әкелген.

Бауыржан Құсайынов – Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары.

-Осы жолы 5 қара мал, 3 қой, 1 жылқының ,1 шошқаның басын әкелдік. Сүт өнімдері – 220 киллограм. Қара малды алсақ, сан еті – 950 теңге, орта бағасы 874 теңге, Қой еті сан еті – 950 теңге орташа бағасы – 864 теңге. Қала халқы өнімдерді жақсы алып жатыр.

Жәрмеңкеге Құс фабрикаларынның өкілдері де қатысты. Мұнда жұмыртқа 130 теңгеден сатылды.

Әсет Ерсайынов – «Атай СК» ЖШС директорының орынбасары.

-Жәрмеңкеге 50 жәшік жұмыртқа әкелдік. Олардың әрқайсысында 360 жұмыртқа бар. 2 сағаттың ішінде оның жартысын сатып үлгердік.

Делдалсыз жеткізілген азық-түлік бағасы базардағыдан анағұрлым төмен, бұл бізге кәдімгідей қолайлы болды,- дейді қала тұрғындары.

 

 

Самат Джакупов.