Мәдениет

Петропавлда Ақмола облысының мәдениет күндері аталып өтті

Кейін көрермендер көкшетаулық ақындардың арқа әндерінен құрастырған попурриіне тәнті болды. Домбырашылардың сыңғырлаған даусы өнерсүйер қауымның шексіз ықыласына ие болды.

Әр туынды – Ақмола облыстық филармониясының Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, бас дирижер Тұрлықожа Базаровтың сүйемелдеуімен орындалды.

Тұрлықожа Базаров – Ақмола облыстық филармониясының К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері.

-Репертуарымыздың көбі – Кенжебек Күмісбековтың туындыларынан алынған. Оған қоса “Біржан Сал”, “Үкілі Ыбырай” мен “Ақан Серінің” шығармаларын орындайтын боламыз. Репертуарымызда күйлер де бар.

Көкшетаулық өнер майталмандары жергілікті көрерменге 24 туындыны тарту етті. Оның біразы өз ана тілімізде орындалса, қалғандары орыс және шет ел тілдеріндегі шығармалар.

Ғалия Рамазанова – Ақмола облыстық филармониясының әртісі.

-Біздің негізгі мақсатымыз – Ақмола облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының ішкі мәдени алмасу, өнерпаздардың ішіндегі талантыларын көрсету. Осы әншілерді, бишілерді, күйшілер өз өнерлерін көрсетіп жатыр.

Концерттік бағдарлама соңында филармония әртістеріне облыс әкімінің атынан ықылас гүлі тарту етілді. Жалпы бір жарым сағатқа созылған концерт – жерлестеріміздің көңілінен шыққан сыңайлы.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.