Мәдениет

Мүмкіндігі шектеулі жандар өз өнерлерін паш етті

Тұрсын Молдахметова, СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бөлім басшысы.

-Фестивальге қатысушылар 3 номинация бойынша қатысуда. Хормен, жеке және ансамбльмен өнерлерін көрсетеді.

Фестивальге қатысушылар жеке және хормен ән айтты. Сахна төрінде махаббат туралы туындылар көп шырқалды.

Бұл бәріне танымал “Мұзарт” тобы орындап жүрген, Алтынбек Қоразбаевтың “Сағындық Алматымды” әні. Оны қазақ зағиптар қоғамының мүшесі Ақлима Кенесарина нақышына келтіріп орындауда. Көз жанарынан айырылса да зейнеткер мұндай сайыстарды қалт жібермейді. Барынша қатысып отырады. Және жетістіктері де жоқ емес.

Ақлима Кенесерина, Қазақ зағиптар қоғамының мүшесі.

-73 жылдардан бері байқауларға қатысып ән айтып жүрмін. Жеңімпаз атанған кездерімде бар.

Бүгінгі шараға қатысушылар осындай фестивальдер жиі ұйымдастырылып тұрса дейді.

Мадина Кажкенова, фестивальге қатысушы, Уәлиханов ауданы.

-Маған ән айтқан ұнайды.

Кәмшат Әбілкәрімова, фестивальге қатысушы, Шал ақын ауданы.

-Осындай фестивальдер жиі өткізіліп тұрса жақсы болар еді.

Фестиваль соңында қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Бану Ахметова.