Қоғам

Балаларға арналған жаңа ойын алаңқайы тұрғызылды

Надежда Юрак – “Бөкетов 44” ПИК төрайымы.

-Бұл алаңқай тек қана балаларға арналмаған. Мұнда егде тартқан адамдарға да жаттығу құралдары бар. Бізге облыстық әкімдіктен хабарласып, осы аулада ойын алаңын жасайтындықтарын айтқан болатын. Көңілімізден шықты.

Ойын алаңқайын “Мастер-спорт” компаниясы 1 аптаның ішінде тұрғызып шыққан. Алайда бұл жерді қоқыстан және қураған ағаштардан тазартуға тура келіпті. Шаруаны атқаруға өнер колледжі мен облыстық статистика департаментінің ұжымдары қолғабыс еткен. Балалар алаңын тұрғызуда отандық өнімдерді қолдандық, материалдардың сапасы жоғары, – дейді “Мастер-спорт” компаниясының жетекшісі. Қазір алаңқайда орнатылған құрылғыларда балалар асыр салып ойнап жүр.

-Бұрын бұл жерде айдала болатын, ойнайтын алаңқай, арнайы қондырғылар болған жоқ.

-Маған балалар алаңындағы әткеншек ұнады. Енді үйде отырмай осында келіп, ойнаймын.

Айта кетейік, жыл соңына дейін Петропавлда тағы дәл осындай 10 балалар алаңқайы тұрғызылатын болады.

 

 

Бакыт Садуакасов.