Спорт

№20 орта мектепте Еңбек күніне арналған жарыс өтті

Әмина Анабаева – №20 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

-Бізде екі команда қатысады. “Қыран” тобы ұстаздар. Екінші команда ол мектеп қызметкерлері. Еңбек күні болғаннан кейін әрбір адамның еңбегін бағалау үшін осындай шараны ұйымдастырып отырмыз.

Командалар танысып болғаннан кейін алғашқы сынақ та басталып кетті. Көк жейде киген «Сұңқар», яғни техникалық қызметкерлер құрамасы мықтырақ екені байқалып тұр. Себебі аталған команданың сапында бір ер адам бар. Ал қарсыластары тек қана нәзік жандылардан жасақталған.

Бірінші сын қызықты өтті. Мұғалімдер жақсы бастағанымен, 2 ұпай қарсы құраманың еншісінде. Жалпы қос топқа 7 турды бағындыру қажет. Жүгіру мен күшті талап етуден бөлек, қатысушылардың ой-өрісі де тексерілді. Олар «Еңбек» сөзі бар мақал айту, сөзжұмбақ құру мен тақырыпқа байланысты сурет салудан сайысты. Доданың соңы арқан тартыспен аяқталды. Бірақ, ер адамға үміттенген «Сұңқарлықтар» бұл сында ұтылып қалды.

Сайыстың қорытындысы бойынша мұғалімдерден жасақталған «Қыран» командасы мықты атанды.

Саягүл Жақыбаева – №20 орта мекетібінің бастауыш сынып мұғалімі.

-Қарсылас команда мектебіміздің қызметкерлерінен жасақталған құрама. Олардан қорыққанымыз – арқан тартыс сайысынан. Өйткені қарсылас топта бір ер адам болды. Әрине біз әйел заты болғандықтан күшіміз әлде қайда әлсіз. Ол тартыста қарсыластар жеңеді деген сенім болды. Бірақ біз мықты атандық.

Жарыс аяқталғаннан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және де медальдармен марапатталды.

 

Риат Шони.