Билік

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

Серік Ыдырысов, СҚО ІІД бастығының орынбасары.

-Тарату-нұсқамалығын жүргізу үшін Достық алаңына гарнизоның бүкіл жеке құрамы. 6637 әскери бөлімінің 100-ден астам әскери қызметшісі және күзет құрылымдары, учаскелік инспекторлардың көмекшілері қатысуда.

Жыл басынан бері өңір полицейлері 89 мыңнан астам құқықбұзушылықтың жолын кесті. 56 695 тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолданылды. Сондай-ақ мас күйінде көлік жүргізу, қоғамдық тәртіпті бұзған 1600-ден астам бұзақы ұсталды.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Бүгінде атқарушы билік тарапынан ІІД-не үлкен қолдау көрсетілуде. Биыл материалдық-техникалық базаны нығайту үшін облыстық бюджеттен 170 млн. теңге жуық қаражат бөлінді. Қоғамдық тәртіпті күзеткен, қылмыстарды ізін суытпай ашқан 217 полиция өкілі марапатқа ие болды.

Осы шарада өңір жетекшісі СҚО ІІД ӘП Басқармасы бастығының орынбасары Сайлаубек Мусинді құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін құрмет грамотасымен ал 2 тәртіп сақшысын алғыс хатымен марапаттады.

 

 

Берик Касен.